фото: instagram.com/altynbekova_20. Суретте: Сабина Алтынбекова
Волейболшы Сабина Алтынбекова журналист Динара Сәтжанға берген сұқбатында Қазақстан ұлттық құрамасындағы алғашқы жылдары қандай сынақтардан өткенін ашық айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Волейболшының сөзінше, ол жиі бапкерімен келіспей қалып, әділетсіз көзқарасқа тап болған.
"Менде бапкермен жанжалдар жиі болатын. Неліктен мұндай теріс көзқарас қалыптасқанын түсінбей-ақ қойдым. Кейін сұхбаттарда менің ойнай алмайтыным, тек сұлулығыммен ғана ерекшеленетінім айтылды. Тіпті жеңілістеріміздің себебін де маған телитін. Жаттығудан әр жолы жылап қайтатынмын. Ұлттық құрама сапында ойнағым келмейтінін айтып, бапкеріме қоңырау шалатын кездерім болды. Ол кезде менің моральдық жағдайым өте ауыр еді", – деді спортшы.
Спортшының айтуынша, бұл қиындықтар өзін шыңдап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан. Әділетсіздік боп көрінген жағдайдың өзі кейіннен қайырлы болыпты.
Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2013-2018 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнады.