фото: ашық дереккөзден
Актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов жеке өміріне қатысты тың мәліметті бөлісті.
Өнер иесі жас актриса Динара Абдуллинамен шаңырақ көтерген.
"Менің немерем қызымнан үлкен. Қызымның әпкесі бар. Кішкентайларымның алды бесте, екіншісі үш жаста, ал кішкентайым алты айлық", – деді Әбдіхалықов тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында.
Айта кетсек, актер жуырда бұрынғы жары, әнші әрі актриса Айгүл Иманбаевамен ортақ немересінің бір жасқа толған мерейтойына қазіргі жарымен бірге барған еді.