Қазақ жауынгері қырғыз спортшысынан бірінші раундта жеңіліс тапты

Қазақ жауынгері қырғыз спортшысынан бірінші раундта жеңіліс тапты

фото: ufc.com. Суретте: Дияр Нұрғожай

Қазақ файтері Дияр Нұргожай (11-1) Қытайдың Шанхай қаласында өткен UFC Fight Night 257 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Оның қарсыласы қырғыз спортшысы Уран Сатыбалдиев (8-1) болды. Айта кетейік, UFC тарихында Қазақстан мен Қырғызстан өкілдері алғаш рет бір-бірімен жекпе-жек өткізді. Жартылай ауыр салмақта өткен айқас үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта-ақ Уран Сатыбалдиев тұншықтыру әдісін қолданып, жеңіске жетті.

Осылайша, Уран Сатыбалдиев кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Дияр Нұргожай болса екінші рет жеңіліс тапты. UFC-дегі көрсеткіш бойынша қырғыз спортшысы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, рекордын 1-1-ге жеткізсе, қазақстандық файтердің нәтижесі 0-2 болды.