фото: ашық дереккөзден
Белгілі журналист Айгүл Аханбайқызы ұзаққа созылған қатерлі дертпен күресіп, өмірден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Ақсу ауданына қарасты Ойтоған ауылында дүниеге келген.
1989 жылы Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебін аяқтап, 1990-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын студент шағында Алматы облыстық "Жетісу" газетінде тілші болып бастаған ол кейіннен "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті", "Айқын", "Халық сөзі", "Егемен Қазақстан" секілді республикалық басылымдарда бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында баспасөз қызметінің менеджері болды.
Айгүл Аханбайқызы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің және "Құрмет" орденінің иегері. Сонымен қатар, ол "Оқырман күткен әңгіме" атты кітаптың авторы.
Sportinside.kz редакциясы журналистің отбасына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Айгүл Аханбайқызы қазақ журналистикасында елеулі еңбек етіп, саналы ғұмырын осы саланың ілгерілеуіне арнаған. Журналистің бұл еңбегі мен есімі мәңгі өшпес.