фото: Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Суретте: Асадхужа Муйдинхужаев
Бокстан Өзбекстанның ерлер құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті. Қазіргі уақытта команда Шеффилдте оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Толқын Қылышевтің басшылығымен біздің ерлер құрамасы Шеффилдте орналасып, әлем чемпионатына қарқынды дайындалып жатыр", – делінген Өзбекстан бокс федерациясының мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Қазақстан ерлер командасы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялаған. Ал Өзбекстан тарапы әзірге тек кеңейтілген құрамды таныстырып, ресми өтінімді ұсынған жоқ.
4 қыркүйекте Ливерпульде басталатын әлем чемпионаты тарихи оқиға болмақ. Себебі жарыс алғаш рет World Boxing ұйымының қолдауымен өтеді.