фото: Anton Skripachev / Getty Images
Футзалдан "Семей" командасының ойыншылары мен бапкерлік құрамы Қазақстан Суперкубогының финалы алдындағы ресми шараға бара жатқан жолда жол-көлік оқиғасына тап болды, деп Sportinside.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Абырой болғанда, команда мүшелерінің барлығы аман, ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда осы оқиғаға байланысты "Семей" делегациясы матч алдындағы баспасөз конференциясына 10 минутқа кешігіп келді.
Айта кетейік, Қазақстан Суперкубогының финалы 23 тамыз күні Орал қаласында өтеді. "Семейдің" қарсыласы – алматылық "Қайрат".