Дастан Сәтпаев дұға еткенінінің арқасында "Челсиге" ауысқанын айтты

Дастан Сәтпаев дұға еткенінінің арқасында "Челсиге" ауысқанын айтты

фото: Данияр Ахметов / "Қайрат" футбол клубы. Суретте: Дастан Сәтпаев

Дастан Сәтпаев "Челсидің" қатарына дұға етуінің арқасында қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Нобель Арустамянға берген сұхбатында ол дұғаның өмірінде де, спорттық мансабында да маңызды орын алатынын жасырмады.

"Біз күніне бес рет намаз оқимыз. Бұл ең алдымен рухани тұрғыдан маған көмектеседі. Барлығы Алладан екенін түсінемін және оның көмегін сеземін", – деді Сәтпаев.

Футболшының айтуынша, рухани тәжірибе оған тек ішкі тыныштық беріп қана қоймай, кәсіби жолына да ықпал еткен. Ол көптеген тілектері намазда айтылғаннан кейін орындалғанын жеткізді.

"Мысалы, мен еуропалық клубтардың бірінің назарын аударуды тіледім. Сол арманым орындалды", – деп бөлісті Дастан.

Оның сөзінше, сенім оған күш пен сенімділік сыйлайды. Дастан Сәтпаев дұға тек адам өзі күш-жігерін салғанда ғана қабыл болатынын атап өтті.