фото: ашық дереккөзден
Танымал әзілкеш Елдос Колобок болашақ сәбиіне байланысты ойын айтып, жұртшылықты таңғалдырды.
Әзілкеш YouTube желісіндегі "Сыр" жобасында болашақ сәбиі қыз болады деп ойлағанын айтты.
"Негізі "қыз" болады деп ойладым, оның үстіне есімін таңдап қойғанбыз. Алланың қалауымен "ұл" болады бұйыртса, енді жақсы есім таңдау керек", – деді Елдос Колобок.
Айта кетейік, бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандаған блогер жуырда жұбайымен бірге көптен күткен қуанышты жаңалықты жариялаған болатын. Ерлі-зайыптылар болашақ сәбиінің жынысын "гендер-пати" шарасында жариялап, көрермендерді тебірентті. Бұл қуаныштың жүзеге асуына тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының да қолдауы тиген.