"-1 қайын сіңлі": Майғазиевтер шаңырағында тағы бір қуанышты болғалы тұр

"-1 қайын сіңлі": Майғазиевтер шаңырағында тағы бір қуанышты болғалы тұр

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні желіде жазбасын жариялап, қуанышты жаңалықты хабарлады.

Өнер иесінің келіні Әдия Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа сторис жариялады. Бұл жазбасында ол Гаухар қайын сіңлісіне арнап қыз шай ұйымдастырып жатқанын жазды.

"Гаухар қайын сіңлімізге арнап бүгін қыз шай ұйымдастырып жатырмыз. Осындай шақыртуды кеше жіберіп қойдық", – деп жазды Әдия.

Айта кетейік, Әдия – Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің жан жары. Әділет пен Әдия маусым айының басында отау құрып, шаңырақ көтерген.