фото: Michael Reaves/Getty Images. Суретте: Диера Келдиерова
Өзбек дзюдо тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы, белгілі спортшы Диера Келдиерова алғаш рет ана атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қуанышты хабарды оның жары, дзюдошы Азамат Матякубов Instagram парақшасында бөлісті.
"Үйлену тойымызбен қатар сәбиіміздің дүниеге келуі – біз үшін ең үлкен бақыт. Сені сүйемін, ханшайымым", – деп жазды ол Stories бөлімінде.
Repost.uz мәліметінше, спортшылардың отбасында қыз бала өмірге келген.
Айта кетейік, Диера Келдиерова мен Азамат Матякубов 2022 жылдың тамыз айында шаңырақ көтерген. Екеуі де дзюдодан танымал спортшылар саналады.