Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өз-өзін жоғалтып, мотивациясы төмендеп кеткен жандарға жазба арнады.
Өнер иесі бұл жолы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа жазба жариялап, оқырмандарына жан тебірентерлік сөз арнады.
"Қазіргі заманда мүмкіндіктер көп, бірақ көпшілік өз жолын таба алмай, іздеумен әуре. Өзін-өзі жүзеге асыру – дағды, мінез және қабілеттің үйлесімі... Бастау үшін мына сұрақтарға жауап бер: Маған не оңай беріледі? Қай іспен айналысқанда энергиям көтеріледі? Адамдар маған қандай көмек үшін жиі келеді? Қай салада қызығушылығым жоғары?
Ал кедергі – қорқыныш. Сәтсіздіктен немесе табыстан қорқу бізді ұстап тұрады. Маңыздысы – қорқыныштарды зерттеп, үлкен мақсатты ұсақ қадамдарға бөліп, күн сайын 1% алға жылжу...", – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.