"Жаны жәннатта болсын": Елге танымал аңыз спортшы қайтыс болды (ФОТО)

"Жаны жәннатта болсын": Елге танымал аңыз спортшы қайтыс болды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

"Фенербахче" баскетбол клубының аңызға айналған ойыншысы Хүсейін Козлука 87 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Оның қазасы жайлы клуб ресми түрде хабарлады. Түрік баскетболы ел тарихында өшпес із қалдырған спортшының қазасын зор күйзеліспен қабылдады.

"Біздің бұрынғы спортшымыз, түрік баскетболы аңыздарының бірі, баскетбол тарихындағы маңызды тұлға әрі клубымыздың бір бөлігі болған Хүсейін Козлуканың қазасына қайғырып отырмыз. Хүсейін Козлуканың жаны жәннатта болсын, ал оның отбасына, жақындарына және бүкіл баскетбол қауымына көңіл айтамыз", – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.