фото: Jeff Bottari / Getty Images. Суретте: Дияр Нұрғожай мен Уран Сатыбалдиев
23 тамыз күні Қытайдың Шанхай қаласында өтетін UFC Fight Night 257 турнирінде Қазақстан мен Қырғызстан өкілдері октагонда кездеседі, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жартылай ауыр салмақта қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-1) қырғыз спортшысы Уран Сатыбалдиевпен (8-1) күш сынасады. Бұл айқас турнирді алғашқы жекпе-жегі болмақ.
Кездесудің қарсаңында екі спортшы дәстүрлі көз түйістіру дуэлін өткізді. Жекпе-жек алдындағы рәсімде Нұрғожай мен Сатыбалдиев өз елдерінің туын ұстап, бір-біріне қарсы тұрды.
Айта кетейік, ресми салмақ өлшеу рәсімінде Дияр Нұрғожайдың салмағы 92,98 кг болса, Уран Сатыбалдиев 92,53 кг көрсеткен.