"Ажырасқан қызын ұзатуға ұялмайды": Наркенже Серікбаева бар шындықты ашып айтты (ВИДЕО)

"Ажырасқан қызын ұзатуға ұялмайды": Наркенже Серікбаева бар шындықты ашып айтты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Жуырда қызын ұзатқан әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желі қолданушыларынан сын естіді. Бұған байланысты ол өз жауабын жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Желіде кейбір азаматтар бұрын тұрмыста болған қызын қайта ұзатқанын қолдамай, дәстүрге қайшы әрекет деп бағалады.

"Ажырасқан қызын қайта ұзатуға қазақ ұялмайтын болды ғой", "Екінші рет ұзатылмайды, тек орамал ауыстырылады", "Байға тиген сайын ұзататын дәстүр жоқ" деген секілді пікірлер жазылды.

Ал Серікбаева болса, қызын дәл осылай ұзатуды армандағанын және бұл оның жүрек қалауымен жасалғанын жеткізді.

"Кешелі бері біздің үйдің қуанышы, бүкіл әлеуметтік желіп желіні жаулап, жақсылы жаманды пікірлер жауып жатыр. Өсекке емес, өсиетке терең болған елміз ғой, қашанда жақсы ойда, жақсы ниетте, жақсы тілекте болайық!
Жанымның саясы болған Жансая қызым, Шырайлы Шымкенттен, Жазиралы Жаркентке ұзатылды. Қимастықпен шығарып салдық. Толқыдық, жыладық, қуандық… Жаныңның бөлшегін қапияда, жат ұяға қиып беру әрине оңай емес. Дегенмен жастар бір-бірін ұнатып, білек ұстасқан соң батамызды бердік. Қызымды дәл осылай ұзатамын деп армандадым, ниет еттім. Мен ұзатқан қыздар қайтып келмеген", – деді дәстүрлі әнші.

Видеоны осы сілтеме арқылы көрсеңіздер болады.