Конор Макгрегор 4 жылдық үзілістен кейін төбелеске қайта оралды

Конор Макгрегор 4 жылдық үзілістен кейін төбелеске қайта оралды

фото: Thomas King/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Конор Макгрегор

UFC жұлдызы Конор Макгрегор үлкен спортқа қайта оралмақ. Төрт жылдық үзілістен кейін ол алғаш рет жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл жаңалықты Нью-Джерсиде өткен баспасөз мәслихатында BKFC промоушенының басшысы Дэвид Фельдман жариялады.

Фельдманның айтуынша, жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы жалаң қолмен төбелесу лигасындағы алғашқы жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр. Ирландиялықтың қарсыласы UFC-дің бұрынғы файтерлері Джереми Стивенс пен Майк Перридің арасындағы шайқаста жеңіске жеткен спортшы болмақ.

"Бұл – мен көрген ең мықты Конор Макгрегор. Ол бар ынтасымен жаттығып, бар назарын жекпе-жекке аударған. Маған: "Джереми Стивенс пен Майк Перридің қай жеңгенімен төбелесемін" деді», – деді Фельдман.

Айта кетейік, Конор Макгрегор соңғы рет 2021 жылы UFC-де жұдырықтасқан. Ол кезде Дастин Порьемен өткен кездесуде ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт бойы спорттан шеттеп қалған еді.