"Еркекшора" деп айыпталған боксшы қазақ қыздарын "жылатқалы" тұр

"Еркекшора" деп айыпталған боксшы қазақ қыздарын "жылатқалы" тұр

фото: Richard Pelham/Getty Images. Суретте: Линь Юйтин

Қытайлық бапкер Цзэн Цзыцзян Париж Олимпиада чемпионы Линь Юйтиннің алдағы әлем чемпионаты алдында міндетті гендерлік тестілеуден өтетінін мәлімдеді. Жарыс келесі айда Англияның Ливерпуль қаласында өтеді, деп Sportinside.kz тілшісі Championat.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Олар бәрі бағынуы тиіс деп жариялады, сондықтан біз де ережеге бағынамыз. Егер турнирге қатысқың келсе, жарыстың талаптарын орындауың керек. Біз қатысатынымызға байланысты олардың ережесін сақтаймыз", – деді Цзыцзян.

Сәрсенбі күні World Boxing ұйымы әйелдер арасындағы алдағы әлем чемпионатына қатысқысы келетін спортшылар жаңа саясатқа сәйкес "міндетті гендерлік тестілеуден" өтетінін жариялады. 

Айта кетейік, Ливерпульде өтетін әлем чемпионатында әйелдер арасында 57 келі салмақта Қазақстан құрамасынан 2022 жылғы Азия чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Карина Ибрагимова ел намысын қорғайды.