фото: ашық дереккөзден. Суретте: Айнұр Тұрсынбаева мен жолдасы
Айтыскер ақын әрі қоғам белсендісі Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды.
Ақын адам баласының жан дүниесіндегі ең нәзік тұстардың бірі – "ішкі бала" туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, кейде өзімізге емес, бала кезіміздегі бейнемізге сұрақ қойған пайдалырақ.
"Кейде өзімізден емес, ішкі баламыздан сұрау маңыздырақ...Тұншыққан сезімдерді,ойларды сізге ішкі балаңыз айта алады. Елестетші алдыңда өзіңнің кішкентай кезіңдегі қыз отыр. Оған келесі сұрақтарды қойып көрші: Сен қазір өзіңді қалай сезініп тұрсың? Саған не жетіспейді? Мен сен үшін не істей аламын? Сен неге армандадың? Сені кім ренжітті, ал кім қорғады? Сен өзіңді сүйікті сезіндің бе? Мен сені дәл қазіргі күйіңде жақсы көретінімді білесің бе? Қандай жауап алдың ?" – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Бұл жазба көпшілікке қатты әсер етті. Желі қолданушыларының бірі "Жылап қалдым ғой" десе, енді бірі "Мен сұрадым, ішкі балам жан тыныштығын қалаймын дейді, мені қорғашы деді" деп пікір қалдырған.
Көпшілік өз сезімдерімен бөлісіп, кішкентай шағына оралғандай әсер алғанын жасырған жоқ.
"Кішкентай кезімдегі мен өте бақытты едім, ата-анам жанымда болғанда жан тыныштығын сезетінмін", "Жылаудан басқа сөз шықпайды ғой", – деді желі қолданушылары.