фото: ашық дереккөзден. Суретте: Ақмоншақ Нұртазақызы
Әлеуметтік желі арқылы танымал болған Ақмоншақ Нұртазақызы әсерлі жазба жариялады.
Мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында мектеп ісіне байланысты берік ойларды ортаға салды.
"Барлық мектеп басшыларының бір қорқынышы бар, оны басқарып отырған жандар біледі, басты қорқынышы – қауіпсіздік. Әр бала үшін жауапты болу оңай емес, оларға қорғау керек, бүгінгі күні әр ата-ана жауапкершілікті түсінуі тиіс. Бала тәрбиесі отбасында, мектепте деп бір-біріне сілтеп жүретін уақыт жоқ, жабылып бала тәрбиесін жолға қою қажет. Биылғы оқу жылы сәтті басталсын деп мен де ойланып отырмын, бала бар жерде босаңсу болмайды. Ұстаздардың мойнында ауыр жүк бар, мықты болыңыздар", – деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы.