"Шаршаттыңыздар": Биволдың бұрынғы әйелі Қазақстанға ренішін білдірді (ФОТО)

20 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/bivol_kate. Суретте: Екатерина Бивол мен Дмитрий Бивол

Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол Қазақстандағы оқырмандарына үн қатты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Естеріңізге салсақ, боксшының бұрынғы әйелі бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыдағы суретті жариялап, туыстарына барғанын айтқан болатын. Сол кезде ол өз шешімі бойынша өз тегін және балалардың тегін өзгертуге бел байлағанын мәлімдеді. Бұдан кейін Екатеринаға Қазақстанға қайта келмеуді талап ететін ренішті пікірлер жазылды.

«Яғни, біртүрлі пабликтер жалған ақпарат таратқанда, маған бірден 500-ге жуық агрессивті хабарламалар  келді. Ал мен: "Құдай сақтасын, мен сіздерге келуді жоспарламаймын" деп жаздым. Бірақ мені тағы да кінәлады. 
Тек айырмашылық мынада: егер сіз Ресейге келгіңіз келсе, маған бәрібір…
Сіздер мені өз Қазақстандарыңызбен шаршаттыңыздар", – деп жазды Екатерина Бивол.

Тэгтер:

Бокс Дмитрий Бивол Екатерина Бивол