Рамзан Қадыров Шешенстаннан шыққан UFC чемпионына қымбат көлік сыйлады

20 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
әлеуметтік желіден. Суретте: Хамзат Чимаев пен Рамзан Қадыров

UFC-дің орта салмақтағы чемпионы атанған шешен спортшысы Хамзат Чимаев тарихи жеңісінен кейін отанына оралды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Грозный әуежайында Шешенстан тарихындағы алғашқы UFC чемпионын ел басшысы Рамзан Қадыров пен оның серіктері жеке қарсы алды. Құттықтау кезінде Рамзан Қадыров спортшының чемпиондық белбеуін көтеріп, көпшілікке көрсетті.

"Мен Хамзат Чимаевтың жеңісіне жүз пайыз сенімді болдым. Еш күмәнім болған жоқ", – деді Рамзан Қадыров.

Айта кетейік, 17 тамызда Чикагода өткен UFC 319 турнирінде Чимаев оңтүстік африкалық Дрикус Дю Плессиді негізгі жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленді.

Осы жеңістің арқасында бірде-бір рет жеңіліс таппаған файтер қазіргі таңда БАӘ атынан өнер көрсететін Хамзат Чимаев P4P рейтингінде бірден он орынға көтеріліп, төртінші сатыға орналасты.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Рамзан Қадыров Хамзат Чимаевқа сыйлық ретінде люкс-класстағы "Майбах" автокөлігін тарту еткен.

Тэгтер:

UFC Рамзан Қадыров Хамзат Чимаев Майбах