«Атаңнан ұялсаңшы»: Жұлдыз Әбдікәрімова басы тағы да дауға қалды

«Атаңнан ұялсаңшы»: Жұлдыз Әбдікәрімова басы тағы да дауға қалды

фото: Фото ашық дереккөзден

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің ерекше фотоларын жариялап, көпшіліктің сынына ұшырады.

📸 «Бұрын тығылып жүрдім»: Бесінші жүктілік — ерекше кезең

Актриса қазіргі жүктілігінің бұрынғысынан өзгеше екенін айтып, әлеуметтік желіде батыл образдағы фотоларын жүктей бастады.

“Осы жүктілігімде өте көп фото-видео болады. Өйткені бұрынғы жүктіліктерімде тығылып жүрдім. Ал қазір кешіріп қойыңыздар! Осы ғажап күйімді өткізіп алғым келмейді”, – деп жазды Жұлдыз.

💬 Желі қолданушылары пікірі: қолдау да бар, сын да бар

Жұлдыз Әбдікәрімованың ашық образы мен позалары бірқатар желі қолданушысының көңілінен шықпады. Пікір алаңында сын пікірлер толассыз ағылды:

“Мен ғана ма ұялып отырған?!”

“Адам жынды боламын десе, 1 минут екен ғой”

“Атасы көріп қоймаса екен”

“Өсіріп отырған ұл-қызыңнан ұялсаңшы”

“Кезіндегі армандары шығар”

“Өте жаман көрінеді екен”