фото: ашық дереккөзден. Суретте: Әнару Құрманәлі мен Қалдыбек Құрманәлі
Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәлі әлеуметтік желіде өз шындығын жариялап, ауыр оқиғаларын бөлісті.
Танымал композитордың қызы Әнару беті қан-жоса күйдегі суретін желіге жариялаған болатын.
"Мен 1 жыл бұрын аварияға түсіп, бетім осындай болған. Жәй ғана таксиға отырып, үйіме бара жатқан кезімде... Менің бұндай қорлықтарым көп. Мен Қалдыбек Құрманәлінің бірінші қызымын, тұнғыш қызы. Бірақ осындай аласапыран өмір сүріп жатырмын... Менде бұндай суреттер өте көп. Және бір адамнан көрген қорлығымның да суреттері мен видеолары бар... Егер қаласаңыздар, осы жерге біртіндеп барлығын шығаратын боламын... Сіздердің қолдауларыңызбен... Бірақ Анамның көзі тірісінде бір тал шашыма да зиян келмеген еді", – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол әкесіне әсерлі жазба арнап, өзін қорғауын сұрады.
"Әке, Сізден басқа қорғаным жоқ... Қатты қапалымын, өзімді тастанды және қорғансыз сезініп келемін. 29 жыл бойы... Әке мені қорғаңызшы, тастамаңызшы. Мен әлсізбін... Осындай алаяқтардың жемтігі қылмаңыз мені... Сізден басқа қорғаушым жоқ... Сенерім Алла мен сіз ғанасыз...", – делінген жазбада.