фото: instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Төрехан Сабырхан
Қазақстан бокс федерациясы ерлер мен әйелдер арасында өтетін ел чемпионатының қайда және қашан өтетінін анықтады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Боксшылар 12-19 қазан аралығында Семейде ең мықты былғары қолғап шеберлерін анықтайды. Айта кетерлігі, ұлттық біріншіліктің басталуы Ливерпульдегі әлем чемпионаты аяқталғаннан бір айдан аз уақыт өткен соң болады.
Бұл турнирде 2026 жылға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы анықталады. Жалпы әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен спортшылар осы есептен тыс қалдырылады.
Соңғы чемпионат 2024 жылы желтоқсанда Қарағандыда өткен болатын.