фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Мақпал Жүнісованың жас кезі
Әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында оқушы кезіндегі орындаған әнінің видеосын жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Видео Instagram желісінде Жанар Еркөлқызы және Мақпал Жүнісова өздері бөліскен.
Видеода әншіні және әріптестерін таныстырып өтіп, "Әнім сенсің, туған ел" атты шығарманы Бәкір Тәжібаев жазғанын, орындаушылар ретінде Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің түлектері – Мақпал Жүнісова, Жанна Хасенова, Дина Қорғанова және автордың өзі болғанын айтады.
Желі қолданушылары видеоны көріп, мақтау сөздер жаудырды: "Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова апайдың дауысы сияқты", "Қандай әдемі ән, бірінші рет естіп тұрмын, дауысыңыз бөлек", "Кеудемді толтырып, көзімнен еріксіз жас кетіп жатыр! Тыңдай бергің келеді!"