фото: hcbarys.kz. Суретте: Райли Уолш
Америкалық хоккейші Райли Уолш "Барыс" командасында қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Спорт журналисті Радмир Сахибгареев Telegram парақшасында Уолштың клубпен жасасқан келісімшарты бірінші ірі трансферлік жетістік екенін атап өтті. Ол ойыншыны негізгі құрамды күшейтетінін айтты.
Журналистің мәліметінше, Райли Уолштың "Барыс" клубындағы жалақысы 246,6 млн теңге болады.
Естеріңізге сала кетейік, клубқа жақында тағы бір американдық хоккейші – Майкл Веккьоне қосылған. Екеуі де біржақты келісімшартпен 2026 жылғы 31 мамырға дейін ойнайды.