фото: olympic.kz. Суретте: Едіге Қасымбек
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
20 жасқа дейін балуандар арасындағы еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасы Самоковтегі әлем чемпионатын (17-24 тамыз, Болгария) аяқтады.
Жарыс нәтижесі келесідей:
- 57 кг – Нұрданат Айтанов – қола медаль жеңіп алды;
- 61 кг – Алан Оралбек – ширек финалда және жұбаныш бәсекесінде жеңілді;
- 65 кг – Ералы Жеңісов – ширек финалда жеңілді;
- 70 кг – Сұңқар Сейдахмет – ширек финалда жеңілді;
- 74 кг – Досжан Құлғайып – қола медаль жеңіп алды;
- 79 кг – Ержан Әбіл – ширек финалда жеңілді;
- 86 кг – Қасым-Жомарт Алин – 1/8 финалда жеңілді;
- 92 кг – Камиль Куруглиев – алтын медаль үшін белдесуде жеңілді;
- 97 кг – Самир Дурсунов – қола медаль жеңіп алды;
- 125 кг – Едіге Қасымбек –алтын медаль жеңіп алды.
Жалпы медаль есебі тек түнде анықталмақ, бірақ Қазақстанның 2025 жылғы чемпионаттағы нәтижесі 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарғаны белгілі. Биыл ұлттық құрама 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль еншілесе, ал өткен жылы 1 алтын, 1 қоланы қанжығасына байлаған.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан алтын еншілесе, Камиль Куруглиев қола медальді иеленді.