фото: ашық дереккөзден. Суретте: Раушан Құдайберген мен Ермахан Аймахан
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы Ермахан Аймахан әлеуметтік желідегі парақшасында жұртты тәнті еткен бейнеролик жариялады.
Онда Ермахан сүйікті жары Раушанға арнайы ән арнап, жүрекжарды сезімін жеткізген. Ән жолдарында ол келіншегін сұлулығы мен ерекше жан екендігін жырлайды.
"Әніме сән берер,
Сөзіме мән берер,
Өзіңдей сұлу бар ма?" – деп ән арнады Ермахан Аймахан.
Бұл бейнежазба аз уақыт ішінде жүздеген пікір мен мыңдаған қаралым жинап, желіде кеңінен талқылануда.
"Не деген әдемі ән, екеуіне арнайы жазылғандай", "Сіздер туралы фильм түсіруге болады", "Жұптарың мәңгі жазылмасын" деген сынды пікірлер қарша борады.