Жәнібек Әлімханұлы әлемдік боксқа зиян келтірді деп айыпталып жатыр

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік боксқа зиян келтірді деп айыпталып жатыр

фото: Steve Marcus/Getty Images. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Америкалық журналист Франсиско Саласар қазіргі боксшылардың рингке шықпай, әлеуметтік желілерде жанжал ұйымдастыруын сынға алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Оның айтуынша, мұндай әрекеттер жанкүйерлерді бокстан алыстатып, спорттың беделіне нұқсан келтіреді.

"Әлеуметтік желідегі қақтығыстар Шакур Стивенсон мен "Танк" Дэвис арасында басталды, кейін Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасында өрбіді, ал қазір – Ксандер Зайас пен Вёрджил Ортис.
Боксшылар бір-бірімен рингте емес, әлеуметтік желіде айқасқанда бұл жанкүйерлерді жиіркендіріп, спортқа зиянын тигізеді", –деп жазды Саласар өзінің Х желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа жіберді.

Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен жекпе-жек толық болмай қалған жағдайда қазақ боксшысы үшін қандай балама нұсқалар бар екенін айтты.