Шұғыл хабар! Берденовті атқан айыпкерге қатысты сот үкімі шықты

Шұғыл хабар! Берденовті атқан айыпкерге қатысты сот үкімі шықты

фото: Tengrinews.kz

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот үкімі жарияланды.

Сот Ернар Жиембайды орта қауіпсіздік мекемесінде 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сотталушыны зардап шеккенге 30 АЕК (117 960 теңге) төлеуге міндеттеді.

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимараты маңында атыс болып, нәтижесінде Руслан Берденов жарақат алған болатын.
Күдікті кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.