Күрес

Күрестен Қазақстан ұлттық құрамасында ел күтпеген жаңалық болды

Ахмет Қанатұлы
Күрестен Қазақстан ұлттық құрамасында ел күтпеген жаңалық болды
Фото: uww.org. Суретте: балуан Ризабек Айтмұхан

Дүниежүзілік күрестің ресми сайтында еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасының әлем чемпионатына (13-21 қыркүйек, Загреб) баратын құрамының жаңа тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жаңа тізім мынадай болып бекітілді:

  • 57 кг – Әділет Әлімұхамедов
  • 61 кг – Әділ Оспанов (Асылжан Есенгелдінің орнына)
  • 65 кг – Начын Куулар (Ресейден келген натурализацияланған спортшы)
  • 70 кг – Нұрқожа Қайпанов
  • 74 кг – Әлібек Әбілқасым
  • 79 кг – Дәулет Ергеш (Болат Сақаевтың орнына)
  • 86 кг – Азамат Дәулетбеков
  • 92 кг – Нұрдәулет Бекенов (Камиль Қуруглиевтің орнына)
  • 97 кг – Ризабек Айтмұхан
  • 125 кг – Әлішер Ерғали

Sportarena.kz сайтының жазуынша, Спортты дамыту дирекциясы 11 тамызда жариялаған "қорытынды құрам" шын мәнінде алдын ала жасалған тізім болып шықты. Өйткені UWW кейіннен жаңартылған құрамды ресми түрде жариялады.

Ахмет Қанатұлы