"Құт әкелген құдалар": Наркенже Серікбаева қызының ұзату тойын жасады (ВИДЕО)

"Құт әкелген құдалар": Наркенже Серікбаева қызының ұзату тойын жасады (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Дәстүрлі ән өнерінің өкілі Наркенже Серікбаева қызы Жансаяның ұзату тойын өткізді.

Қуанышты сәттен әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесі ұзату мен құдалықтан бейнежазбалар жариялап, тойға жиналған қонақтарды ерекше ықыласпен қарсы алғанын жеткізді.

Құда – мың жылдық, құдағи – жүз жылдық! Бүгін шаңырағымызға құт әкелген қонақтарымызды құрметпен қарсы алдық", – деп жазды Наркенже Серікбаева.

Әншінің қуанышына ортақтасқан тыңдармандар мен желі қолданушылары ыстық лебіздерін білдіріп, жас жұбайларға бақыт тіледі.

"Бақытты болсын", "Жансая барған жерінде бағы ашылсын", "Құтты болсын той" деген сынды тілектер желіде қарша борады.