фото: ашық дереккөзден. Суретте: Сәкен Майғазиев пен Динара Майғазиева
Қазақстанның танымал әншісі Сәкен Майғазиев пен жары Динара Майғазиева көпшілікпен әсерлі естеліктерін бөлісті.
Динара Майғазиева Instagram парақшасында жаңа видео жариялап, жұбайымен студенттік шақтарын еске алды. Ол отбасы құру жолындағы армандардың орындалуы – бақыттың басты белгісі екенін атап өтті.
"Бір кездерде, біз қиялдаған отбасылық өмір – бүгінгі шындығымыз. Аллаға шүкір. Бақыт деген осы шығар – сен армандап, Алла қалаған сәтте орындалуы. Сіздерге де армандарыңыз орындалып, бақытты отбасы нәсіп етсін", – деп жазды Динара Майғазиева.
Жұлдызды жұптың жазбасы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Пікір қалдырған жанкүйерлер оларды үлгілі отбасы ретінде бағалап, ұзақ ғұмыр мен береке тіледі.
"Жаныыым сол. Сондай керемет жандар. Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Бізге де сіздердің жолдарыңызды берсін", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Көпшілік Динараның сұлулығын, отбасының сыйластығын ерекше атап өтіп, "Көп адамдар қызығатын отбасы" деп бағалады.