"Ішетін, ұратын, көзге шөп салды. Ажырасшы": Мереке Қалбаева ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

"Ішетін, ұратын, көзге шөп салды. Ажырасшы": Мереке Қалбаева ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Әзілкеш әрі блогер Мереке Қалбаева журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында отбасылық өмірі мен жеке тәжірибесі туралы бұрын-соңды айтылмаған шындықтарымен бөлісті.

Оның айтуынша, бұған дейін ол айналасындағыларға “ешқашан ажыраспа” деп кеңес беріп келген.

“Ішпей ме, шекпей ме, ұрмай ма – шыдауға болады. Құмар ойын ойнамай ма – ол да шешілетін мәселе. Тіпті біреу көзіңе шөп салса да, түзелуге мүмкіндік бар деп ойлайтынмын. Сол үшін ажыраспа деп айтатынмын. Ал кейде керісінше, “өте ауыр жағдай, ажырасып кеткенің дұрыс” дейтін кездерім де болды”, – деді ол.

Мереке Қалбаеваның сөзінше, қазір ол біреудің отбасына араласу немесе ақыл айту үлкен қателік екенін түсінген.

“Адамға не айтсаң, түбінде өз басыңа келетінін енді түсіндім. Бұрын сіңліме немесе басқа біреуге “кет, ажырасып құтыл” десем, біреулерге “шыда, түзеледі” дейтінмін. Бірақ қазір көзім жетті – ешқашан біреудің тағдырына араласуға болмайды екен”, – деді блогер.