Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалында ел күтпеген нәтижеге жетті

Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалында ел күтпеген нәтижеге жетті

фото: uww.org. Суретте: Камиль Куруглиев

Қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (U20) әлем чемпионатының финалында қарсыласынан ұтылды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

92 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан балуан шешуші белдесуде өзбекстандық Шерзод Поеновпен күш сынасты. Тартысты өткен айқас 3:2 есебімен Поеновтың пайдасына аяқталды.

Осылайша Куруглиев күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бес медаль бар. Бұған дейін Едіге Қасымбек (125 кг) алтыннан алқа тағынса, Нұрданат Айтанов (57 кг), Досжан Құл-Ғайып (74 кг) және Самир Дурсунов (97 кг) қола жүлдегер атанған болатын.