фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары әрі президент күзет қызметінің жетекшісі Роман Төреханов Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті болып сайланды, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
19 тамызда өткен федерацияның кезектен тыс конференциясында ұйым президенті Шахмұрат Мүтәліптің ұсынысы бойынша жаңа құрметті президент бекітілді.
Бұл қызметті бұған дейін Кеңес Рақышев атқарған болатын. Енді оның орнына Роман Төреханов келді.
Айта кетейік, Роман Төреханов 1982 жылғы 17 ақпанда дүниеге келген. Әр жылдары ол Түркістандағы Олимпиадалық резерв мектебінде жаттықтырушы болып еңбек еткен, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық қызметтерді атқарған. Қазіргі уақытта Президенттің күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымын атқарады.