Уэльске қарсы матчта ұлттық құрама намысын кімдер қорғайды?

Уэльске қарсы матчта ұлттық құрама намысын кімдер қорғайды?

фото: kff.kz. Суретте: футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындарға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін ұсынды. Бұл жолы құрамға 37 ойыншы енгізілді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»).

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»).

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – «Жеңіс»), Георгий Жуков, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Ақтөбе»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»).

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»).

Қорытынды тізім кейінірек нақтылануы мүмкін. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады.

Қазақстан қыркүйек айында екі ресми кездесу өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен ойнайды. Екі матч та 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің аясында өтеді.

Уэльске қарсы матч «Астана Аренада» сағат 19:00-де басталады. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымда.