фото: ашық дереккөзден. Суретте: Ақмоншақ Нұртазақызы
Әлеуметтік желі арқылы танылған Ақмоншақ Нұртазақызы жаңа оқу жылы алдында үлкен жаңалығын хабарлады.
Ақмоншақ Нұртазақызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа оқу жылына мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін кәсіпкер жандарды іздеді.
"Мектебімізге демеуші болам дейтіндер болса, қуана қабылдаймыз. Қазіргі таңда мектебімізге әдеби кітаптар, домбыра, стендтер, жалюзи, ролл-штор, парта, орындық, панельдер, сондай-ақ көпбалалы оқушыларға мектеп формасы қажет. Жаңа кабинет жасақтап берем дейтін ниетті жандар болса, оған да қуаныштымыз. Біз серіктестікке дайынбыз және демеушілердің жарнамасын жақсы деңгейде жасап, насихаттауға әрқашан әзірміз. Сіздердің қолдауларыңыз мектепке де, оқушыға да үлкен пайдасын тигізері сөзсіз", – деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы.