Берденов сотындағы тосын жағдай: Судья журналиске тілін шығарды (ВИДЕО)

Берденов сотындағы тосын жағдай: Судья журналиске тілін шығарды (ВИДЕО)

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісін қарау барысында ерекше оқиға орын алды. Сот төрағасы Әбінұр Қарабаев процесті жариялап отырған журналист Ботагөз Омароваға тілін көрсетіп, оны таңғалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл сәттің видеосын журналист Ботагөз Омарова өзінің Facebook парақшасында жариялады. Айта кетейік, ол жағдайға әзілмен қараған.

«Бүгін Шымкенттің әкім орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта төрағалық етуші судья Әбінұр Қарабаев маған кенеттен тілін көрсетті! Шынымды айтсам, таңғалдым. Қарабаевқа не болды? Бұл қимылдың себебі неде? Өзі дұрыс па екен? Білмеймін… алаңдап тұрмын», – деп жазды журналист.