Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі нәтижесін жақсартты

Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі нәтижесін жақсартты

фото: Christopher Pike/Getty Images. Суретте: Елена Рыбакина

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жұптық рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жаңартылған рейтингте Рыбакина төрт сатыға көтеріліп, 271-орынды иеленді. Айта кетейік, соңғы рет ол британдық Эмма Радуканумен бірге Вашингтондағы турнирде өнер көрсеткен еді. Ол кезде теннисшілер жартылай финалға дейін жетті. Қазір қос спортшыда бірдей ұпай бар және екеуі де 271-орынды бөлісіп тұр.

Сонымен қатар, мансабын қайта жалғастырған Галина Воскобоева да WTA жұптық рейтингінде қайта көрінді. Ол 26 саты жоғары көтеріліп, 512-орынға жайғасты.