фото: ашық дереккөзден
Танымал әнші Тамара Асар отбасындағы қуанышты желідегі оқырмандарымен бөлісті.
Ол ұлы Әлішердің туған күніне орай әсерлі жазба қалдырды.
"Шын жүректен Әлішер баламызды туған күнімен құттықтаймыз!!! Ажартайдың Ақасы! Денің сау, бауырың бүтін, айналаң аман болсын!!! Адалдықпен адамгершілік алға жетелей берсін! Арамызда пайда болған жылылық пен сыйластыққа сызат түспесін! Мені көрген күннен "МАМА" деп атаған сеніміңе рақмет, балам. Өміріміз дәл осы суреттегідей сұлу болсын!!! Әмин", – деп жазды Тамара Асар.
Желі қолданушылары да бұл қуанышқа ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.
"Ұлдарыңыздың туған күні құтты болсын! Келін әкеліп, қолыңызды ұзартсын", "Қандай керемет тілек! Құдай тіл-көзден сақтасын", "Әлішердің жаңа жасы құтты болсын! Жанұяларыңызға бақыт тілейміз", "Екінші ұлыңыздың туған күні құтты болсын, енді құда-құдағи атануларыңызға жазсын!" – деген құттықтаулар мен ақжарма тілектер көптеп жазылды.
Желі жұртшылығы Әлішерге тек бақыт, жарқын болашақ тілеп, отбасының берекесі арта берсін деген ізгі ниеттерін білдірді.