фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Махмұд Сабырхан
Өзбекстандық мамандар Қазақстан құрамасының бокстан әлем чемпионатына (World Boxing) арналған құрамы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Өзбекстандық Zamin.uz басылымының жазуынша, Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында 4-14 қыркүйек аралығында өтетін әлем чемпионатында медаль үшін басты тартыс Қазақстан, Өзбекстан және Куба боксшылары арасында өрбиді.
"Бұл чемпионат – әлемнің мықты боксшыларын бір алаңда тоғыстыратын үлкен мүмкіндік. Қазақстан да өз құрамасын жариялады. Өзбекстан, Қазақстан және Куба құрамалары жалпы есепте көшбасшылық үшін күресетін болады. Бұл мемлекеттердің спортшылары бір-біріне үлкен бәсекелестік тудырып, бокстың дамуына айрықша үлес қосады", – деп жазады басылым.
Материалда екі елдің де өз үздік боксшыларын шығарғаны атап өтіліп, "кімнің нәтижесі жоғары болатынын көру қызық болатыны" жазылған.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан мен Куба құрамалары да тарихта алғаш рет World Boxing ұйымы аясында өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялаған еді.