фото: ашық дереккөзден
Вашингтонда Дональд Трамппен кездесер алдында Украина президенті Владимир Зеленский әдеттегі әскери киімінің орнына қара түсті ресми костюм киіп шықты.
Президенттің Х әлеуметтік желісінде жарияланған видеода ол қара пиджак, соған сай көйлек пен шалбарда көрінеді. Бұл оның соғыс басталғалы қалыптасқан әскери образынан ерекше өзгеріс болды.
Айта кетейік, Зеленскийдің өткен жолғы Ақ үй сапары кезінде ресми костюм мен галстук кимегені үшін сынға ұшырап, келіссөз барысына кері әсер еткен еді.
Axios ақпаратына сәйкес, биылғы саммит алдында Ақ үй өкілдері украин тарапының "Зеленский костюм киеді ме?" дегенін нақтылап сұраған. Ақыры Украина басшысы кездесу кезінде қатаң қара түсті ресми киім таңдады.