фото: ашық дереккөзден. Суретте: Ернұр Бурахан
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды, деп хабарлады арнаның баспасөз қызметі.
Ернұр Бурахан 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол әртүрлі жылдары "Qazaqstan" телеарнасында тілші, тележүргізуші қызметтерін атқарған, сондай-ақ "Қазақстан" телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, "Қазақ радиолары" ЖШС директоры болған.
Соңғы екі жылда Ернұр Бурахан Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасын басқарған.
Еске салсақ, бұған дейін корпорацияны басқарып келген Ләззат Танысбай "Еуразия" бірінші арнасының бас директоры болып тағайындалған еді.