фото: instagram/emilomorov. Суретте: Мұхаммедсабыр Базарбай уулы
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қосыны әлем чемпионаты алдында маңызды шешім қабылдады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Дереккөздің мәліметінше, ертең құрамада спаррингтік жекпе-жектер болады. 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ұлттық құрама мүшелері Бейбарыс Жексен мен Серік Теміржанов кездеседі. Ал 65 кг дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбай уулы мен Ертуған Зейнуллинов күш сынасады.
Дереккөздің хабарлауынша, бұл жекпе-жекте жеңген боксшы әлем чемпионатына барады.