"Құранмен ант етейін": Руслан Берденов сотта ел естімеген шындықты жайып салды

"Құранмен ант етейін": Руслан Берденов сотта ел естімеген шындықты жайып салды

фото: instagram.com/ruslan_berdenov. Суретте: Руслан Берденов

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзін оқ атқан Ернар Жиенбайдың жұбайын мүлде танымайтынын және оның әлеуметтік желідегі парақшасына ешқашан лайк баспағанын мәлімдеді, деп жазады Qaz365.kz.

Берденов бүгін ауруханадан онлайн қосылып, сотта жауап берді. Сұрақтардың бірін оған Ернар Жиенбайдың әкесі қойды.

"Ернардың берген жауабында 7 немесе 8 наурыз күндері сіз біздің келіннің Инстаграмына "Әдемісің" деп лайк басқансыз. Оны келін де, Ернар да көрген. Артынша оны өшіріп қойғаныңыз туралы не айтасыз?" – деп сұрады Ернардың әкесі.

Шенеунік бұл айыптауды жоққа шығарды.

"Мен тағы да айтамын: сіздің келініңізді мен танымаймын, ешқашан көрген емеспін. Ешқандай лайк баспағанмын. Сіз Инстаграмды айтып тұрсаңыз, өшірген нәрсе қайтадан көрінеді. Келініңізге айтыңыз – қарап шықсын: өшірген нәрсенің орыны болады. Сіздің айтып тұрғаныңызды келініңіздің өзі де жоққа шығарды. Қазір сіз өзіңіздің келініңізді осы тірлікке тартып тұрсыз. Мен сіздің келініңізді танымаймын. Құдайға шүкір, өзімнің отбасым мен бала-шағам бар. Қалайтын болсам, отбасылы адамға лайк басып неғылам? Сондықтан, керек болса полиграф немесе детектор арқылы барлығын тағы да сұраса, бәріне ашық жауап беруге дайынмын. Сіз де, мен де намаздағы адамбыз. Керек болса Құранмен ант етейік", – дейді Берденов.