фото: ашық дереккөзден
Дубляж және кино актері Дмитрий Гранкин 49 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.
Актердің өліміне жарты жыл бұрынғы инсульттің салдары, бүйрек ауруы және жүрек жеткіліксіздігі себеп болғаны нақтыланды.
Санкт-Петербург театр өнері академиясының түлегі (1998) Дмитрий Гранкин шығармашылық жолын БДТ сахнасында бастады. Алайда көпшілікке ол дубляж шебері ретінде танылды. Оның дауысымен Вим Вендерстің культтік "Париж, Техас" фильміндегі Хантер, "Ким Пять-с-плюсом" мультфильміндегі Рон Так-Себе, сондай-ақ "Лесная братва" туындысындағы Хэмми кейіпкерлері сөйлейді.
Сонымен қатар, актер "Улицы разбитых фонарей", "Бандитский Петербург" және "Ментовские войны" сияқты танымал сериалдарға да түскен.