фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Мереке Қалбаева мен Арсен Акиев
Танымал актриса әрі блогер Мереке Қалбаева өзінің күйеуімен арадағы қарым-қатынасы туралы ел естімеген шындықты айтты.
Мереке Қалбаева журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында өзінің күйеуі Арсен Акиев екеуі бөлек-бөлек тұрып жатқандарын ашып айтты.
"Көп досымыз "ажырасып кеттіңдер ме?" деп сұрап жатыр. Әзірше ренжісіп қалдық. Мен өз ойлағанымды істегім келеді. Оған асыққан да, тәуекелге бару да ұнамайды. Мен үнемі тәуекелге бара беремін. Менің асығыстығым, оны жалықтырып жіберді. Ал оның жайбасарлығы мені жалықтырды. Мен айттым ба, сол кезде болу керек. Бұл да менің эгоистігім мен тәкаппарлығым деп ойлаймын", – деді Мереке Қалбаева.
Сондай-ақ актрисаның айтуынша, бұл істе өзінің кінәлі тұстарын да айтты.
"Қайта айналып келетін болсақ, бұл жерде менікі дұрыс емес. Негізі өте нашар қатынмын, мойындаймын. Мамам да "саған шыдап жүрген адамға рақмет айту керек" дейтін. Өмірде нағыз ер азаматты атау керек болса, ол – Арсен. Одан кейін әкем деймін. Бәрібір әкенің орны бөлек. Бірақ ол мен үшін жақсы азамат", – деді Мереке Қалбаева.