"Лақтырып кетті": Қойшы бала тағы бір продюсерімен қош айтысты

"Лақтырып кетті": Қойшы бала тағы бір продюсерімен қош айтысты

фото: Ulysmedia.kz коллажы

Әлеуметтік желілерде "Қойшы бала" атымен танылған жас әнші Айдос Кәден кезекті рет продюсерімен келісімін тоқтатты, деп жазады bairaqmedia.kz.

Бұған дейін ол Жігер Ауыпбаевпен жұмысын доғарып, кейін Қанағат Меченбайдың продюсерлік орталығына ауысқан еді. Алайда бұл серіктестік те ұзаққа созылмады.

Қанағат Меченбай ресми мәлімдеме жасап, Айдостың енді жеке шығармашылық жолын таңдағанын айтты:

"Құрметті қазақ елі! Қойшы баламен не болды деп сұрап жатқандарға айтарым бар. Айдос енді өз бетінше жұмыс істейді. Қолды-аяққа тұрмай кетті. Қаншама тапсырыстарымыз қалды. Енді өзі жұмыс істеп көрсін. Мен Айдосты жіберейін деп тұрмын. "Қойшы баланың" продюсері емеспін. Ең бастысы, аман болсын! Адам болсын! Менің де жеке шығармашылық жолым бар. Сондай шешім қабылдадым", – деп мәлімдеме жасады Қанағат Меченбай.