Геннадий Головкин Олимпиада алдында маңызды шешім қабылдады

Геннадий Головкин Олимпиада алдында маңызды шешім қабылдады

фото: t.me/olympickz. Суретте: Геннадий Головкин

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті әрі World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Венгрия бокс федерациясының 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға құрметті қонақ ретінде қатысты. Мерекелік жиын Будапешттегі Батырлар алаңында өтті, деп Sportinside.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

GGG Венгрияға федерация президенті, Олимпиада чемпионы Иштван Ковачтың арнайы шақыртуымен барған.

Мерекеге Халықаралық Олимпиадалық комитет өкілдері, Еуропалық және Панамерикалық бокс конфедерацияларының басшылары, World Boxing президенті Борис ван дер Ворст және басқа да танымал тұлғалар жиналды. Бағдарлама аясында жасөспірімдер мен ардагерлер арасында көрсетілімдік жекпе-жектер ұйымдастырылды.

Сапар барысында Головкин World Boxing саммитіне қатысып, Будапешттегі спорт кешендерін аралады.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиадалық комитет World Boxing ұйымын уақытша мойындап, оны Олимпиадалық қозғалыс аясында боксты әлемдік деңгейде реттейтін федерация ретінде таныған. Бұл шешім Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасында бокстың сақталуына жол ашты.