фото: t.me/kozachkow
17 тамыз күні Ақмола облысында жеңіл моторлы Aerostar R40F UP-LA229 әуе кемесі апатқа ұшырап, екі адам қаза болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, әуе көлігі жалпы мақсаттағы авиация шеңберінде ұшып шыққан. Өрт болған жоқ. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, Көлік министрлігінің апаттарды тергейтін департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жіберілді.
Сонымен қатар, сызықтық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, қаза тапқандар туралы ақпарат берді.
"Қаза болғандар – ұшқыш пен жолаушы. Құлаудың нақты себебі анықталуда", – делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.